«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дана Бақсиықова: Сапалы білім – маңызды

ШЕТ ЕЛ АСЫП ОҚЫП ЖҮР, МҰҒАЛЖАРДЫҢ БАЛАСЫ…

Білім қуып, шет ел асқан жастардың қатары аз емес бүгінде. Олардың арасында білім аламын деген жасқа мүмкіндік берер түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы да, ата-анасының қаражатымен де оқып жатқандары бар. Әрине, келешектің көкжиегін кеңейту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Қазіргі таңда бұған мемлекет берер мүмкіндік те, жастар тарапынан ынта да баршылық. Әсіресе, дерек пен дәйек соңғы бес жылда дініміз бір, тіліміз ұқсас Түркия елінде білім алатын қазақ жастарының көбейгенін көрсетеді. Бұл елдегі студенттер арасында мұғалжарлық жастар да бар. Бүгінгі нөмір үшін олардың бірқатарына арнайы хабарластық.

— Мен Түркия елінің Кютахья қаласында “Dumlupэnar Ьniversitesi” университетінің студентімін, «мемлекеттік басқару» мамандығында білім алып жатырмын. Өзім Қандыағаш қалалық №4-ші орта мектебінің 2022 жылғы түлегімін. Түркия еліне оқуға келгеніме еш өкінішім жоқ. Отбасымды әрине сағынамын, бірақ шет елде шағын отбасымдай болып кеткен достарымды кездестірдім. Оқуға түспес бұрын осы елде оқып жүргенжәнеоқыпкеткентаныстарымның ақыл-кеңестеріне жүгіндім. Мен арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы емес, ақылы түсетін болғандықтан бірінші кезекте атаанамның қалтасына қатты ауыртпалық салмауды ойладым. Басқа елдермен салыстырғанда, осы Түркия елі өте қолайлы болды.

Бұл жаққа келгелі бір байқағаным, Түркия халқы қонақжай, өте мейірімді болып келеді екен. Түріктер қазақтарды бауырларындай көреді. Сондықтанболаркөпқиындықтар жолымды кеспеді. Тек түрік тілін меңгеруге ұзақ уақыт қажет болды. Түркия елінде оқып жатқан қазақ бауырларымыз өте көп. Кютахья қаласында шамамен 400-500 қазақтар бар, қателеспесем. Оқу бітіргеннен кейін өз елімде қызмет жасағанды жөн көремін. Алдағы мақсатым отбасымның үмітін ақтап, оқуды аяқтау және жақсы жұмыс орнына орналасу. Негізі қай жерде оқығаның маңызды емес деп ойлаймын, ең маңызды — сапалы білім алу. Иә, әрине ел көріп, жер көріп, басқа тілді үйрену, сол елдің тұрмыстіршілігін зерттеу де қызықты. Бірайтарым, бүгінде жастардың талпынысы мен тала- бына, қабілет-қарымына сай шетелде білім алуға, саяхаттауғамүмкіндікмол. Текбілімнің көкжиегінкеңейту үшінжастар осы игілікті тиімді пайдалана алса игі. Ең бастысы, өзге мемлекеттеалғанбілім-білігін жаңартып, туған елінің даму жолына арнай алса, қажетті іске жарата білсе болғаны.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АТА ЗАҢ — ЕЛ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.