«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұршат Романқызы: Шет елде білім алу — өзімнің қалауым

ШЕТ ЕЛ АСЫП ОҚЫП ЖҮР, МҰҒАЛЖАРДЫҢ БАЛАСЫ…

Білім қуып, шет ел асқан жастардың қатары аз емес бүгінде. Олардың арасында білім аламын деген жасқа мүмкіндік берер түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы да, ата-анасының қаражатымен де оқып жатқандары бар. Әрине, келешектің көкжиегін кеңейту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Қазіргі таңда бұған мемлекет берер мүмкіндік те, жастар тарапынан ынта да баршылық. Әсіресе, дерек пен дәйек соңғы бес жылда дініміз бір, тіліміз ұқсас Түркия елінде білім алатын қазақ жастарының көбейгенін көрсетеді. Бұл елдегі студенттер арасында мұғалжарлық жастар да бар. Бүгінгі нөмір үшін олардың бірқатарына арнайы хабарластық.

-Жасым 17-де, Қандыағаш қаласының тумасымын. Биыл Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-ін тәмамдадым. Мектеп бітіргеннен кейін шетелде оқу туралы арманымды жүзеге асыруды ойладым. Сөйтіп әртүрлі жолдарын қарастырдым, ең тиімдісі Түркия елі болды. Маған шетелде оқып, жаңа мәдениетті зерттеп, адамдарымен танысқан ұнайды. Кішкентайымнан шетелге оқуға түсетінімді сезетінмін. Атаанам да, жақындарым да басқа елге оқуға кететінімді естігенде ешқандай шектеу қойған жоқ. Керісінше, бәрі қолдады. Қай елде, қандай мамандықта оқуды өзім таңдадым. Студенттік шағымды өзге елде өткізгім келді, тіл үйреніп, мәдениетін көруді қаладым. Бүгінде сол елдің Кютахья қаласында Думлупынар университетінде оқып жатырмын. «Визуалды коммуникация дизайнері» мамандығына түстім, биыл алдымен тілді үйренудемін. Түрік елінен үйренеріміз көп. Ол жақтың білім беру тәсілдері ерекше.

Өз еліміздің , оның ішінде өз ауданымыздың білімді жастарының деңгейі көтеріліп , толассыз жетіс — тікке жетіп жатқандығы мәлім . Білім алу үшін шетел асып, тынбай ізденіп , табандылық танытуда. Әрбір жетістіктің оңай келмейтінін ескерсек, бұл – өзіміздің білімге деген құштарлығымыздың, «білсем, көрсем, жетсем» деп қол созған арман-мақсатымыз жолындағы талпынысымыздың нәтижесі. Осы жолда бізге бағыт-бағдар берген ұстаздарымыз бен әр кез қолдау танытып, бар жағдайды жасаған ата-анама алғыс айтамын.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Анар АБУБАКИРОВА: «МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР» ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Көші-қон полициясы пәтер, қонақүй, жатақхана иелеріне ескерту жасады

admin_mugalzhar

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ: МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.