«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҒЫНДЫРҒАН ӨМІРДІҢ БЕЛЕСТЕРІН

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде11- сынып жетекшілері А.Шойнова, М.Сегізбаева, А.Жоламан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Бағындырған өмірдің белестерін» атты рухани кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Мұғалжар аудандық ардагерлер үйі жанынан құралған «Қазына» ансамблінің мүшесі, әншісі Нұрлыгүл Темірбаева, А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің мұғалімі, республикалық, халықаралық ән конкурстарының жеңімпазы Гүлмира Тулеуова, 2 дүркін Азия чемпионы, ресейлік турнирлердің чемпионы Жеңіс Қалабаев және аталған мектептің музыка жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі, сазгер Алмас Орманов қатысты.

Кездесу барысында қонақтар оқушылармен Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу тақырыбында келелі әңгімелер айтып, мәртебелі мамандықтары туралы сөз қозғады. Сонымен бірге оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеңіске жету жолындағы ерен еңбектерімен бөлісті. Ұстаздар мен оқушылар келген қонақтарға сыйқұрмет көрсетіп, гүл шоқтарын ұсынды. Мектеп директоры Гүлмира Мусина Алғыс хат табыстады.

Н. КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда енді 50 жастан асқан ер адамдар жаңа скринингтен өтеді

admin_mugalzhar

Бес жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 10 мың сәби дүниеге келді

admin_mugalzhar

АУДАНДА 747 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.