«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ОРАЛСАМ, ШІРКІН

«Бақыт деген — сенің бала күндерің» деп бекер айтылмаған екен. Кейде оңашада отырған сәтте сан түрлі ойлар мазалайды… «Неге есеюге асықтық?» деп ойлаймын… Үлкен болып көрінгім келіп, анамыздың көйлектерін қайта-қайта киіп көруші едім. Қазір ойласам, ең бақытты, уайым-қайғысыз керемет шақтарым сол балалық кезімде, ата-анамның, бауырларымның жанында өткен екен. Сол кезде қайдан білейін, есейген сайын бәрі күрделеніп, өмірдің ағы мен қарасы қатарласып жүретінін. Жауапкершіліктің артып, маңызды шешімдер қабылдауға мәжбүр болатынымды. Өмірдің өзі сабақ. Оқығың келмесе де, көңілге тоқуға зауқың соқпаса да, «таяқтап отырып» оқытатыны бар бұл өмірдің. «Ата-ана қадірін балалы болғанда түсінесің» деген сөздің мағынасын өмірдің өзі түсіндірді. Бүгінде «ең дәмдіні балам жесін, ең жақсыны қызым кисін» дейтін болдым.

Кешегі ата-анамыз жасаған қамқорлық, махаббатты бүгінде өз балаларымызға көрсетудеміз. Кейде балаларыма қарап отырып, «есеюге асықпаңдаршы, балалық бал дәуреннің керемет уақытын бағалаңдаршы» дегім келеді. Бала кезде бәрі керемет, үлкен өмірден күтетін үміт те үлкен. Өзімізді есейсек болды, тау қопаратындай сезінетініміз де рас. Бірақ бұл өмірде біз күткендей бола бермейді екен. Соны балаларыма бүгін түсіндіріп келемін. Өзімнің қателігімді олардың жасағанын қаламаймын. Десе де, әрбір жанның өмірден алар сабағы әртүрлі болатынын түсінемін. Сол сабақтар аз болсын, сабақ емес тәжірибе болса екен деп тілеймін. Мағанжылылық пенмахаббатқа толы балалық сыйлаған ата-анама алғысым шексіз. Мен де сол махаббаттың жылуына өз балаларымды бөлеп келемін.

З.АХМЕТОВА

Ұқсас ақпараттар

Өткеннен оралған “Жармола жәрмеңкесі”

admin_mugalzhar

Қазақстан халқының саны өсті

admin_mugalzhar

Жеке куәлік пен төлқұжат: 2024 жылы құжаттар қанша тұрады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.