«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Атырау қаласында жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының кубогі ойнатылды. Аталмыш додадан қандыағаштық мектеп оқушылары жүлдемен оралды.
7-11 желтоқсан аралығында өткен жарысқа 2011-2012 жылғы мектеп оқушылары қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленді. Баскетбол жетекшісі Айдын Жәнібек оқушылардың жеңіске деген ұмтылыспен жақсы ойын көрсеткенін жеткізді. Ойыннан олжалы келген оқушыларды бүгін мектеп ұстаздары мен ата-аналары күтіп алып, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол Алғыс хаттармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН ҚҰТҚАРУШЫ

admin_mugalzhar