«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БИДІ БАҒЫНДЫРҒАН – «АЛТЫНЗЕР»

ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНҚЫЗЫНЫҢ ЕСІМІ БАРША МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҮШІН ЖАҚСЫ ТАНЫС. СЕБЕБІ АУДАН АУМАҒЫНДА ӨТЕТІН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ОЛ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН «АЛТЫНЗЕР» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ӘДЕМІ ДЕ, КӨРКЕМ БИІНСІЗ АШЫЛМАЙДЫ. БҮГІНДЕ БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА ЖАСЫ ЕНДІ ҒАНА ҮШКЕ ТОЛҒАН БҮЛДІРШІНДЕРДЕН БАСТАП, ОН АЛТЫ ЖАС АРАЛЫҒЫНА ДЕЙІНГЕ 200-ДЕН АСТАМ ЖАС ӨНЕРПАЗДАР БАР. ОЛАР БЕКЗАТ ӨНЕР — БИДІ МЕҢГЕРІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ТҮРЛІ БАЙҚАУЛАРҒА ҚАТЫСЫП, ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНІП, АУДАННЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТЫП ЖҮР. ЕНДЕШЕ, БІЗДІҢ КЕЗЕКТІ КЕЙІПКЕРІМІЗ — «АЛТЫНЗЕР» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ЛӘЗЗАТ САМБЕТОВА ТУРАЛЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ…

Кейіпкеріміз әңгімесінің әлқисасын: «Би өнері талғам мен сезімді, жинақылық пен нәзіктілікті айшықтайды. Оған қоса, эстетикалық болмысты әспеттейді. Би арқылы халқымыздың мәдениетін, руханиятын, тарихын жаңғыртуға болады. Сондай-ақ музыкалық ырғаққа сай дене қимыл мен қозғалыстар арқылы мың бұралған сан түрлі образдарды бейнелейді. Бимен адамның ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқын дәлмедәл жеткізуге мүмкіндік көп. Тіпті тіл жеткізе алмайтын дүниелерді биден табуға болады. Би өнерінің құдіреттілігі сонша, онымен айналысқан адам көптеген дерттің алдын алады. Адам бойындағы үрейден арылып, ми жұмысын жақсартады. Ойлау қабілетін дамытады, топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады әрі бір-бірімен қарым-қатынасты күшейтеді», — деп би өнерінің көркем құдіретінен бастады.

Қандыағаш қаласында туыпөскен Ләззат Рамазанқызы бала кезінен биші болуды армандайды. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде республикалық «Гүлдер» ансамблінің бишісі Алматы қаласынан келген Бақытгүл есімді хореографтан дәріс алады. Сол сәттен бастап би өнеріне деген махаббат жүрегімнен мәңгілік орын алады. Мектеп бітіргеннен кейін өзі оқыған Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында би үйірмесін ашып, өнерлі оқушыларға би үйретеді. Батыс Қазақстан инновациялықтехнологиялық университетін аяқтап, 2000-шы жылдары аудандық мәдениет үйінің жанынан би үйірмесін ашып, «Алтынзер» би ұжымының құрамын жасақтайды. Үлкен еңбек пен ізденістің арқасында 2008 жылы аталған ұжым «Халықтық» атағына ие болады. Сол күннен бастап осы уақытқа дейін Ләззат Рамазанқызы ауданда мыңдаған жас буынды би өнеріне баулып, қияға қанат қақтырып, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттырып, ұлттық мәнге ие би өнерін үлкен шыңға шығарып келеді.

Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып, ауданның абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Қазірдің өзінде «Алтынзер» би ұжымындаәртүрліжастағы 200-ден астам бала өз шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Ләззат Рамазанқызының жетекшілігімен би ұжымы ауданда және одан тыс жерлерде өткізілетін барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, концерттік бағдарламамен ауылдарды аралып, өз өнерлерін баршажұртқа паш етіпжүр. Ұжымжыл сайын аудан халқына есеп беру концертін өткізіп, жетістіктерімен, репертуарындағы жаңалықтарымен көрермендерін қуантып, қошеметіне бөленеді. Би ұжымының репертуарында халық билері мен қоса спорттық және заманауи шығармалар бар.

Бүгінде ұжымның материалдық-техникалық базасы талаптарға сай, заманауи үлгідегі қажетті құралдармен жабдықталған. Ал сахналық киімдерге оқушылардың ата-ана лары көмектерін көрсетеді. Осы орайда, ата-аналарға зор алғысымды білдіргім келеді. Менің бишілерім ұлттық билермен қатар, орыс, өзбек, башқұрт, корей, белорус, ұйғыр, қытай, парсы, армян сынды әлем халықтарының би композицияларын эстрадалық би жанрын да орындайды. Үлкен сахналарда өнер көрсетумен қоса, түрлі жарыстарға қатысуды әдетке айналдырдық. Сонымен бірге қамкөңіл жандарға тегін концерт беріп, қайырымдылық шараларын да өткізіп тұрамыз. Репертуарымызды жаңа шығармалармен, қойылымдармен толықтыру мақсатында тәжірибелі мамандармен үнемі тығыз байланыста болып, кеңесіп отырамын, — деді кәсіби хореограф.

2021 жылы Ақтөбе облысында жазғы шығармашылық маусымына орай, «Ақтөбе – алтын бесігім» тақырыбында өткен Мұғалжар ауданы өнерпаздары концертіне «Алтынзер» би тобы театрландырылған-хореография лық композиция орындап, шараны ашу құрметіне ие болған. Ұжымжетістіктерінің қоржынында облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қа-тысып, ауданның мәртебесін арттырған жетістіктер жетерлік. Би ұжымының бағындырған белестерінің куәсі – төмендегі Дипломдар мен Алғыс хаттар.

Арыға бармай-ақ, 2020 жылы Түркия елінде өткен IV Халықаралық «Ca Art World» онлайн би байқауында жүлделі 2 орынға ие болды. Ал ІІІРеспубликалық шығармашылық байқау фестивалінде Бас жүлде жеңіп алды. 2021 жылы Алматы қаласында өткен VI Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауында «Хореография» жанры бойынша жүлделі 1 орын, «Таланттар әлемі-2021» Халықаралық шығармашылық көп жанрлы байқау-фестивалінде 1 орынды бағындырды. Ал 2022 жылы VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Музыкальное созвездие» өнер байқауында жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Сондай-ақ «Дала сазы» республикалық би байқауында, Түркістан қаласында өткен «Биле, талант» байқауында, Алматыда өткен «Егемен елімнің ертеңімін» республикалық патриоттық байқауда, «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ауданның мәртебесін арттырып, бас жүлдеге ие болды. Ал 2023 жылы Ақтау қаласында өткен «Биле талант» және Алматы қаласында өткен «Егемен елімнің ертеңімін» байқауында Бас жүлдегі ие болды. Облыстық «Таланттар әлемі» байқауына жыл сайын қатысып жүлдегер атанады.

Жас бишілердің түрлі байқаулардан жүлделі оралып, қуанышпен қауышқан сәтінің артында Ләззат Рамазанқызының толағай таудай еңбегі, шыдамы, маңдай тері, ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі жатыр. Әрине, еңбек те елеусіз қалмады. Өнерлі жастардың шығармашы- лығын дамытып, биге баулығаны үшін «Үздік педагог», «Үздік ұстаз», «Шығармашыл ұстаз» секілді мәртебелі атақтарға ие болды.

Ауданның мәдени саласына қосқан үлесі үшін облыстық, аудандық деңгейде Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Еңбегінің еленген сәті — 2022 жылдың қорытындысында Ләззат Самбетова Мұғалжар ауданының «Жыл адам – 2022» атанды. Жақында ғана республикалық «Дала сазы» байқауына қатысқан 100- ден астам тәрбиеленушісі жүлделі орындарғаиеболды. Атапайтатын болсақ, «Алтынзер» би ұжымының 7-8 жас аралығындағы екі би тобы Бас жүлдені жеңіп алды. Ал Ләззат Рамазанқызы өзіне «Бақытты елдің ұрпақтары» қоғамдық қоры атынан «Үздік ұстаз» төсбелгісімен және Құрмет громатасы табысталды.

Балаларды түрлі байқауларға көптеп қатыстыруға тырысамын. Бізге өзге мемлекеттерде өтетін халықаралық байқауларға шақыртулар көптеп түседі. Бірақ мен үшін балалардың қауіпсіздігі — маңызды. Бүгінде алыс-жақын мемлекеттердің көбісінде саяси тұрақтылық жоқ, соныменбіргетабиғиапаттарда көптеп орын алуда. Сол себепті шетелге шығып, байқауларға қатыстыруды тоқтатып қойдым, — деді Ләззат Самбетова.

Жоғары кәсіби шеберлікке ие Ләззат Рамазанқызы өнерлі балаларды би өнеріне машықтап, шығармашылығын шыңдап, ауданның мәдени саласына елеулі үлесін қосумен қатар, көптеген шәкірт тәрбиелеп, артына өшпес із қалдырып үлгерді. Бүгінде оның шәкірттері ұстазының жолын қуып, кәсіби биді меңгеріп, би өнерін дәріптеп жүр. Атап айтсақ, шәкірті Гауһар Сейтжанова Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық институтының «Жастар» би ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Ал АидаТілеубергенова «Арабэск» жеке би студиясын ашып, жеткіншектерді би өнеріне баулып жүр.

Шәкірттерімнің жетістігіне әрдайым қуанып отырамын. Біздің ауданда дарынды балалар өте көп. Оларды дамыту, өнерге бағыттау — біздің басты мақсатымыз. Дегенмен мемлекеттік түрлі өнер орталықтарының жоқ болуы біздің аяғымызға тұсау болады. Бүгінде жеке түрлі оқу, өнер орталықтары көптеп ашылуда. Бірақ ақылы орталықтардың ақысын көптеген отбасының жағдайыкөтере алмайды. Сол себепті аудан орталығы Қандыағаш қаласынан оқушылардың шығармашылық орталығы ашылса, барлық өнерлі балалар түрлі үйірмелермен тегін қамтылса деп армандаймын. Балалар — біздің болашығымыз, — деп түйіндеді әңгімесін биші ұстаз.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АУДАННЫҢ «КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Бағдат АБДУЛЛИНА, Жағабұлақ ауылы: САҒЫНЫШҚА ТОЛЫ ХАТТАР СЕЗІМІМІЗДІ НЫҒАЙТТЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.