«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

11 ақпан күні өткен Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша Ләззат Ертілесқызы Бердібаева Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ләззат Бердібаева1989 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде полиция қызметкері болып бастаған.

2012-2013 жылдары Ақкемер ауылдық округіне қарасты Көтібар батыр атындағы негізгі мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2013-2015 жылдары Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін аталмыш мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарып келді.

Жаңадан сайланған округ әкімін ауыл тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов таныстырып қызметіне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

АТЫМТАЙ ЖОМАРТТЫҢ МЕКТЕПКЕ КӨМЕГІ

admin_mugalzhar

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өкілдері Ақтөбе жастарымен онлайн-кездесу ұйымдастырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.