«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді, — деді спикер.

Ақтөбе, Атырау облыстарының барлық мектептерінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен аудандарында ағымдағы бақылау жүргізу (БЖБ мен ТЖБ) алынып тасталды. Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында шешім жекелеген жағдайларға байланысты қабылдануда.

Ұқсас ақпараттар

«КҮМІС ЖАС»: 64 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Мәскеу Ким Чен Ынды Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығы медалімен марапаттады

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» акциясы: Ақтөбеде мыңға жуық ерікті World Clean Up Day аясында бірікті

admin_mugalzhar