«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ ШЫҒЫНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Аудандағы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылар мен шаруа қожалық иелеріне шығын болған төрт түлік малдары үшін өтемақы төленді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше ауданда мал шығыны бойынша 1 шаруа қожалық иесі мен 5 жеке тұлғаға барлығы 17 басқа 6 млн 320 мың теңге төленді.

Бұған дейін су тасқыны салдарын жою жөніндегі аудандық штаб мүшелері тарапынан су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың төрт түлік малдарын есептеп, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстандық шенеуніктер енді жұмысқа орналасу үшін эссе жазады

admin_mugalzhar

ЖҰБАНОВТЫҢ 117-ШІ КӨКТЕМІ

admin_mugalzhar