Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қол күресінен Қазақстан қоржынына алтын салған чемпион Аяулым Жұмабайды мұғалжарлық жанкүйерлері кеше теміржол вокзалынан сән-салтанатпен күтіп алды.
Осы күні жеңімпаз Аяулымның құрметіне «ЖасStar» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде шара ұйымдастырылды. Аталған шараға аудандықмәдениет, тілдердідамыту, дене шынықтыружәне спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің директоры Жазира Абденова және туыстары мен достары қатысып, чемпионға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдіріп, сыйсияпаттарын табыстады.
Чемпионға сый-құрмет көрсеткендердің қатарында «ЖасStar» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің директоры Нұрсұлтан Иманғазин 50 000 теңгелік сертификат және Алғыс хат, ал Жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев SmartTV теледидары мен Алғыс хат беріп, бапкері Санат Саматтың достары 50 000 теңгелік сертификат табыстады. Сонымен бірге аудан орталығындағы «Алтын орман» мейрамханасычемпионқыздыңқұрметінедастарханжайып, түскі ас берді.
Естеріңізге сала кетейік, бапкер Санат Саматтың жетекшілігінде жаттығып жүрген Аяулым чемпионатта 45 келі салмақта өнер көрсетіп, өз мықтылығындәлелдеп, алтыннаналқатаққанболатын. Соныменқатар қазақтың көк байрағын әлемге танытып қана қоймай, Молдованың астанасы Кишинёвте өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Бет қатталып жатқанда Аяулым Жұмабайды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қабылдап, құттықтағаны белгілі болды.
Н.ТІЛЕП