«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ғайният АСҚАРОВ, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы:

-Менің еңбек жолым мұнарлы Мұғалжар жерінен басталды. 1984 жылы Алматы халық шаруашылық институтын экономика мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін мемлекеттік жолдамамен Ембі қаласындағы геолог-геофизикалық экспедиция мекемесіне экономист болып жұмысқа орналастым. Сол уақыттан бері елімізде, одан қалды ауданымызда орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің куәсі болып келемін. Жалпы еңбек өтілім — 40 жыл. Оның ішінде мемлекеттік қызметте жүргеніме 31жыл болыпты. 2006 жылдың наурыз айынан бастап аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін. 2006-2022 жылдары негізгі жұмысыммен қоса аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы қызметін де жасадым.

Осы уақытқа дейін Мұғалжар ауданын басқарған әкімдер Серік Шаңғұтов, Ербол Данағұлов, Асқар Шерияздановпен қызметтес болып, қазіргі аудан басшысы Дархан Ермағанбетовпен бірге жұмыс жасап келемін.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін ұзақ уақыт еліміз тоқырауды бастан кешірді. Барлық салада да жағдай нашар болды. Аудан орталығы Қандыағаш қаласында бос тұрған көпқабатты үйлер көп болды, ауыз су сағатпен берілді, қыс айларында жылу жүйесі нашар жұмыс істеді. Кей жерлерде жылу жүйелері істен шығып жатты. 2008-2010 жылдары жергілікті бюджеттің 2 есеге ұлғайып орындалуына байланысты аудан әкімі Серік Тілеулесұлы шешім қабылдап, бірден көпқабатты үйлерді іске қосуға, ауыз су жүйесінің проблемалық сұрақтарын шешуге және жылу жүйесін дұрыстау үшін түскен қаржыны сол бағытқа жұмсап, мәселелерді оңынан шешті. Сол кезеңмен салыстырғанда экономикамыздың өсімі 3-4 есеге ұлғайды. Атап айтатын болсам, 2003 жылы аудан бюджеті 5 млрд 606 мың теңге болса, 2023 жылы 13 млрд 20 мың теңгеге жетті. Жиырма жыл бұрын өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 150 млрдтеңгеден 418 млрдтеңгеге, негізгі капиталға тартылған инвестиция 50 млрд теңгеден 168 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5 млрд теңгеден 13 млрд теңгеге артты. Сонымен бірге кәсіпкерлік саласы да кеңейіп, 2002 бірліктен 5294 бірлікке ұлғайды.

Қазіргі таңда аудан көлемінде көптеген проблемалық сұрақтар шешілуде. Жаңа мектептер, бала-бақша, денсаулық, мәдениет ғимараттарын салу, ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысын жүргізу, ауызсумен, көгілдір отынмен ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Ал мемлекеттік қызметкерге келетін болсам, мемлекеттік қызметші ең бірінші шынайы патриот болуы керек. Өз елін ұсақ-түйегіне дейін жақсы көруі шарт деп санаймын. Содан кейін жанын салып жұмыс істейтін, сол істеген жұмысынан тамаша нәтижеге қол жеткізетін білікті маман болғаны жөн. Бұл — ең бірінші тәртіп, өз-өзіне деген жоғары талапшылдық, үлкен жауапкершілік, жанашырлық керек.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АТА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

admin_mugalzhar

Елімізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші өсіп келеді

admin_mugalzhar

2023 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгерді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.