Қандыағаш қалалық «Күншуақ» бөбекжай-бақшасында қамқоршы кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Аталған отырыста бөбекжай-бақшаның меңгерушісі Жадыра Құрманова бүгінде күрделі жөндеуден өткен бөбекжайбақшаның жұмысымен таныстырып, жыл бойы бөбекжайбақшада ұйымдастырылған іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Өткен жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде аяқталған. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 308 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Алихан Ойл 32» ЖШС-і жүргізген. Бүгінгі таңда балабақша ғимаратының іші мен қасбеті толығымен жөнделді, ішкі бөлмелерде де жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимаратта терезе және есік блоктары, электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйесі ауыстырылып, топтарды әрлеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ қасбеті қапталып, ауласы темір қоршаумен қоршалған. Ғимараттың тек сырты ғана емес, іші де толық өзгерген барлығы 14 топ жұмыс істейді. Орындар саны 317 тәрбиеленушіге арналған. Жиын барысында қамқоршы кеңес мүшелері балабақша ішін аралап, медбике бөлмесін көріп, асхана және кір жуатын бөлмелердің жұмысымен танысты. Балабақша меңгерушісі бөбекжай бақшаға сатылып алынған тұрмыстық техникаларды көрсетіп, жасалып жатқан жұмыстардың жай-жапсырын айтып берді. Сондай-ақ ол алдағы уақытта балабақша шатырын және балалар ойын алаңын жөндеуді жоспарлап отырғанын жеткізді.