«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Балабақша жабылса, қызметкерлер жұмыссыз қала ма?

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Көтібар батыр ауылындағы «Балдырған» бөбекжайбақшасы жабылудың алдында тұр. 2006 жылы пайдалануға берілген бөбекжай-бақшаға бүгінде бар-жоғы 6 бала ғана барады. Балабақша қызметкерлері балабақша жабылған жағдайда «жұмыссыз қаламыз ба» деп алаңдаулы. Осы мәселе жөнінде жауапты мекеме басшысымен, аудандық мәслихат депутатымен хабарласып, мән-жайды анықтадық.

Бахраман АМАНЖОЛОВ, аудандық білім бөлімінің басшысы: Бақшаға келетін балалар саны аз

Көтібар батыр ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы 2006 жылы ашылған. Қазіргі уақытта балабақшада 15 балалық бір топ жұмыс жасайды. Бүгінде балабақшада отырған баланың саны — 6. Соңғы жылдары балабақшаға келетін балалардың саны күрт төмендеп кетті. Аз ғана баламен балабақшаны ұстап тұруға жағдай келмей, жабу мәселесін қарастырдық. Себебі балабақшадағы бала санының толыққанды қамтылмауы өз кезегінде ұжымның еңбекақыларына, балаларды сапалы тамақтандыруға, жыл басынан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына айтарлықтай кедергі келтірді. Ауыл тұрғындарымен бірнеше мәрте кездесіп, балаларын балабақша беру керектігін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бірақ нәтиже бермей отыр. Дегенмен аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп балабақшаны жаппай, ары қарай жұмысын жалғастыруға жұмыстанып жатырмыз. Осы орайда ауыл тұрғындарымен және балабақша ұжымымен кездесіп, «Балдырған» бөбекжай-бақшасын оңтайландырып қайта құру үшін Көтібар батыр атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің жанындағы шағын орталыққа қосып, мектеп-балабақшаға айналдыру жөніндегі мәселелерді де қарастырудамыз. Тиісті жұмыстар атқарылып, облыстық білім басқармасына құжаттары тапсырылды. Енді оның барлық құжаттарын толық аяқтау үшін 2-3 ай уақыт керек. Атап айтқанда, мекемені тарату, барлық есепшоттарын жабу, жаңа мекеменің құрылтай құжаттарын дайындау, жарғысын бекіту, юстицияға тіркеу.

Ауданда жалпы саны 54 мектепке дейінгі ұйым бар Бөбекжай-бақша саны – 30 Мемлекеттік бөбекжай-бақша саны – 21 Мемлекеттік тапсырыспен ашылған жеке балабақшалар – 9 Мектеп жанындағы шағын орталық – 24 Бөбекжай-бақшаларда тәрбиеленуші саны — 4054. Мемлекеттік бөбекжай-бақшада – 3286 Жекеменшік бөбекжай бақшада – 1220 Мектеп жанындағы шағын орталықта – 768 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту – 90% 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту – 100% Балабақшаға орын алу кезегінде тұрғандар – 466.

Илияш НИЯЗОВА, аудандық мәслихат депутаты: Мектеп жанындағы бөбекжай-бақшаболыпқайта жасақталады

-Бұл мәселемен толықтай таныспын. Мәселенің шығуына балабақшаға келетін балалар санының күрт төмендеп кеткені себеп болған. Аудандық білім бөлімінің басшылығы бірнеше мәрте ауыл тұрғындарымен түсінік жұмыстарын жүргізген. Бірақ нәтиже болмаған. Мен депутат ретінде балабақша ұжымымен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мәнжайын тыңдадым. Біздің мақсатымыз — балабақшаны жаптырмау, балабақша қызметкерлерінің жұмыс орнын сақтап қалу. Осы мақсатта мектеп жанындағы мектеп-балабақшаға айналдыру жөніндегі мәселесін Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолмен, аудандық «Amanat» партиясының мүшелерімен бірлесіп, талқыладық. Кездесу барысында жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектері толықтай айтылды. Бүгінде біздің ұсынысымыз қолдау тапты. Аудандық білім бөлімімен осы бағытта тиісті заңдылық шеңберінде жұмыстар атқарылуда.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ескі спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жанданады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ЖЫЛҚЫСЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі қызметіне бекітілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.