АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІ КҮН БОЙЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТІЗБЕСІНДЕ ЖЕКЕ ҚҰРАМДЫ, ТЕХНИКАНЫ, ЖАБДЫҚТЫ ЖИНАҚТАУ, ДАЙЫНДЫҚҚА КЕЛТІРУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРДІ БІЛУ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
Оқу-жаттығу жиынына қоғамдық тәртіпті қорғау, өртке қарсы, ақпарат және байланыс, инженерлік, көлік, темір жолдағы көлік және жолдар мен көпірлер қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, энергетика, медициналық қызмет, радиациялық және химиялық қызмет пен газ желілері бойынша авариялық-техникалық қызметі мен «Коммуналшы» мекемесінің қызметі қатысты.
Бөлімдер барлық құрал-сайман және техника, көлік, азық-түлік сынды төтенше жағдай орын алғанда міндетті түрде қажетті дүниелерді әкелді. Саптық тізбекке арнайы қатысқан аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Иса Байтұрсыновқа бөлім басшылары жұмыстарын баяндады. Өткізілген шаралар бойынша шұғыл әрекет ету қызметтерінің дайындығына оң баға берілді. Кемшіліктер талқыланып, мекеме қызметкерлері де тәжірибе алмасты. Оларды болдырмау үшін қандай әрекет жасау керек екені де пысықталды.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ