«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

6-8 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында еркін күрестен 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында «EURASIA TOP WRESTLING» спорт лигасының жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Турнирге Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлдемен оралды. 68 келіде Жолшора Руслан жеңімпаз атанды.
48 келі салмақта Мұңайтпас Айдар ІІ орынды иеленді. Турнирдің қорытындысы бойынша Жолшора Руслан «Үздік палуан» номинациясымен марапатталды. Еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 2351 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАР

admin_mugalzhar

АУДАННЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады

admin_mugalzhar