«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биылғы жыл Ақтөбе облысында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша елеулі жұмыстар атқарылды

Биылғы жыл Ақтөбе облысында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Бұл саладағы ілгерілеу – өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі деп білемін.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жақсарту үшін 64,5 миллиард теңгеге 193 жоба іске асырылып, нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 78%-ға жеткен. Менің ойымша, облыс аумағында 500 шақырымнан астам жол жабындысын төсеу өңір тұрғындарына сапалы және қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігін арттырды.

Ақтөбе қаласындағы 47 шақырым көшеге жүргізілген жөндеу жұмыстары да қала инфрақұрылымын жаңартуға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, «Самара-Шымкент» халықаралық автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында жаңа 4 жолақты тас жол салу жұмыстарының басталуы өңірдің көлік қатынасын айтарлықтай жақсарта түсетіні сөзсіз.

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық автожолының жөндеу жұмыстары жалғасуда, оның 25 шақырымы пайдалануға берілді. Бұл бағытта республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінің маңыздылығы ерекше екенін атап өткім келеді.

Менің ойымша, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысының аяқталуы өңіріміздің экономикалық байланыстарын нығайтып, транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер өңіріміздің көлік инфрақұрылымының қарқынды даму жолында екенін көрсетеді.

Құрал Байсұлтанов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі жолдарды асфальттау жұмыстарын тексерді

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАНУДА

admin_mugalzhar

Бүгінгі АЭС-тер 400 тонналық реактивті ұшақтың құлауына төтеп бере алады — Эрлан Батырбеков

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.