«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП — ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ANA TILI» газетіне берген «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын
бір деммен оқып шықтым.

Президенттің сұхба­тын­да қо­ғам­ды алаңдатқан көп сауалға нақ­ты жауап беріліп, ел да­муының алда тұрған негізгі мін­­деттері ай­­қын­далды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып сай­лан­­­ған­нан бастап басты ұста­нымы әділеттілік екенін, онсыз қо­ғам ешқашан дамымайтынын айтып келеді.

Пре­зидент айтқандай, заң мен тәртіп үстемдігін орнату – басты қағидатымыз. Осы тұрғыдан алғанда, ел тұрғындарының сая­си өмірге көбірек қатысуына мүмкіндік бе­ріп, әділетті, демок­ра­тия­лық қо­ғам құруға бағытталған мем­лекет сая­сатын баршамыз қол­дауымыз керек.

Еліміз үшін ең басты мақсат – халқымыздың әл-ауқатының артуы. Экономикалық жетістікті әр отан­да­сымыз сезінуге тиіс. Оған қол жеткізу үшін үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз қажет.

Президент: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды.

Аманкелді Шунимов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы.

Ұқсас ақпараттар

Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты

admin_mugalzhar

МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

Доңғалағын қысқы маусымға ауыстырмаған көлікпен жүруге тыйым салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.