«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕМІ ЖОҚ АУРУДЫ 15 МИНУТТА АНЫҚТАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ОЙЛАП ТАПТЫ

Альцгеймер дертінің белгісін байқайтын жүйе біртіндеп ел емханаларына енгізіліп келеді. Бүгінде қосымшаны 6 мыңнан аса адам пайдаланған, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
My Mind жобасы My Mind біздің альцгеймерді зерттейтін тестіміз. 2020 мен 2022 жылдар арасында әзірленді. Қазіргі таңда Алматы облысында, Алматы қаласында, Шымкент қаласында, Түркістан облысында қолданылады. Жеке ауруханаларда және мемлеккеттік ауруханаларда. Әрине тесттің нәтижесі 100ден 92-95%-ды құрайды,-дейді жоба жетекшісі Сейітжан Сыпабеков.
Бұл жоба басталғалы бері 6 мыңнан аса тұрғын альцгеймер ауруын айқындайтын сұрақ жауаптан өткен. Тест арнайы мамандардың зертеулері нәтижесінде жасақталған. Сұрақ-жауапты құрастыруға 2 жылдай уақыт кеткен. Сынақта адамның түр сипаты, жеке қасиеттеріне қатысты сұрақтар бар. Өзіне қатысты сұрақтарға жауап берген адам когнитивті қабілеттеріне байланысты арнайы жаттығуларды орындайды.
Адамдар бұл аурудың белгілерін тек асқынғанда біледі. Ал ол кезде жағдайды жақсарту тым кеш болады. Дәрігерлер осылай дейді. Жаныңыз жайсыздыққа тап болмаса да бұл сынақтан өтіп көргеніңіз жөн. Ол үшін ғаламторға Mymind-test.com деп терсеңіз болды, тест тапсыруды нұсқайтын сайт шығады. Алайда қасыңызда тиісті маманның болғаны абзал.

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келді

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада Ақтөбе облысы топ жарды

admin_mugalzhar

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.