«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖАЙЫЛЫМДАР МЕН ЕГІСТІК ЖЕРЛЕР ТОЗҒАН

Ақтөбе облысында топырақ құнарлылығын қалыпқа келтіруге бағытталған пилоттық жоба жүзеге асады, деп хабарлайды 24kz сайтына сілтеме жасаған Muglzhar.kz.

Өңірдегі 5,5 млн гектардан астам ауылшаруашылық жері әбден тозған. Кешегі шабындықтарда малға азық болар жем-шөп өспейді.
Топырағы эрозияға ұшыраған егіс алқаптары да дән себуге жарамсыз. Облыстық жер қатынастары басқармасы мамандары: «Жайылымдардың жойылуының басты себебі – шаруалардың жерді жөн-жосықсыз пайдалануынан», — дейді. 3 млн 200 мың гектарға жуық алқап төрт-түліктің тұяғымен тапталып шөп шықпай қалған. Топырақ пен су эрозиясына климаттың өзгеруі де тікелей әсер етіп отыр. Бұдан бөлек пилоттық жоба аясында Мұғалжар мен Әйтеке би ауданындағы ауылшаруашылық жерлерінің құнарлылығы зерттеледі.
Наурыз айында жұмыс тобы келеді. Жер учаскесінің басына барып зерттеу жұмыстарын жасап, сынама алып ол жерге қандай жұмыс қажет екендігін анықтама ретінде бізге беріп келесі көктем, жаздың уақытында сол жұмысты қолға алатын боламыз. Басты мақсаттардың бірі – сол топырақ құнарлығын қалыпқа келтіру, жайылымдарды басқару, -дейді облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әділбек Қабидуллин.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

СОҒЫМ СҮЙКІМДІ БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.