ӨҢІРДЕ КӨПКЕ ҮЛГІ, ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ӨАТАЕВТАР ӘУЛЕТІ ДЕ БАР. БАР ӨМІРІН ҰСТАЗДЫҚҚА АРНА- ҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ АҚҚОЗЫ МЕН ЛӘЗЗАТ МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА ТҰРАДЫ. ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН «ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ» ЕЛДІҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН САНАЛЫ ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУДІ БАСТЫ МІНДЕТІ ДЕП САНАЙДЫ.
Оңтүстік өңірінде дүниеге келген ұстаздар отбасының анасы Ләззат Атаева отағасы Аққозы Атаевпен Қарағанды педагогикалық институтында оқып жүріп танысқан. 1987 жылы студент болып жүріп, отбасын құрған жас мұғалімдер алғашқы еңбек жолдарын Мұғалжар орта мектебінен бастаған. Бүгінде аталғанмектепте қызмет атқаратын Ләззат математика, Аққозыденешынықтырупәнінен сабақ береді. Отызжылдан астам уақыт ұстаздықпен айналысқан ерлі-зайыптылар «ұстаздық ету — жас ұрпақтың жарқын болашағына айқын жол көрсету» деп біледі. -«Ұстаз болу-жүректің батырлығы» демекші, ең бірінші — әр баланың жүрегіне жол таба білу керек. Шәкіртіңніңалдыңнаншығып, биік белестергежеткені — біз үшін үлкен қуаныш. Сапалы білім мен саналы тәрбие беріп шәкірттерді ұлтжандылыққа, биік шыңдарға жетелеу — ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Балаларымыз да ұстаздық жолды өздерінің қалаулары бойынша таңдады. Оған мүмкін біздің мамандығымыз да ықпал еткен болар, — дейді Ләззат Атаева. Қазіргі таңда ата-анасының жолын қуған қыздары Гаухар информатика, Айгерім биология пәнінен сабақ береді. Ал, ұлы Айдар Қандыағаш қалалық мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Тіпті, келіні Салтанат пен күйеу баласы Мейірбек те ұстаздық қызмет атқарады. Бүгінде олар бес бала тәрбиелеп, өсіріп, немере сүйген ардақты ата әже. Ағарту ісі саласында ұзақ уақыт бірге қызмет етіп, қиындығы мен қызығын қатар көріп келе жатқан ұстаздар бір-бірін жақсы түсінетіндіктерін айтады.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ.