«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ — ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА

«Жастар тәжірибесі» — жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретін бағдарлама. Іс-тәжірибеден өтетіндерге 30 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл мемлекеттік бағдарлама өз мамандығын терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Аудандық мансап орталығының «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маманы Гүлназ Карина аталған бағдарлама белгілі бір оқу орнын тәмамдаған жастардың уақытша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауына жол ашатынын айтты.

«Жастар тәжірибесіне» қатысушы жас маман бір жыл бойы жұмыс істеген уақыт аралығында жұмысында өз іскерлігін көрсете алса, тұрақты жұмысқа қалуына мүмкіндік ала алады. Бағдарламаға 35 жастан аспаған, «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы бес жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білімі бар түлектері бір рет қана қатыса алады. Өткен жылы осы бағдарлама аясында 245 жас маман аудан аумағындағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек етсе, оның 97-сі тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Ал биылғы жылға 220 жасты қамту жоспарланды. Бүгінгі таңда 15 жас аталған бағдарламамен жұмысқа жолданды. Қазіргі таңда айлық көрсеткіші – 117 960 теңге, — деді ол.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ВОЛЕЙБОЛ: МҰҒАЛЖАР КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

2 МЫҢЖАС ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.