«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІКТЕР МЕЙРАМДЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАДЫ

Шара ұлттық құндылықтарды насихаттаған мерекелік концертпен басталды. Алаңға 6 киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылып, түрлі мәдени және ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Дүбірлі тойға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов арнайы қатысып, тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Шара соңында тігілген киіз үйлерге түрлі қазақша аталымдар беріліп, тіккен мекемелерге Мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Мерекелік көңіл-күйде қазақтың ұлттық ойындары – арқан тартыс, қошқар көтеру, қол күресінен сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар түрлі сый-сияпаттармен марапатталды.
Қала қонақтары мен тұрғындар мерекеде жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, арнайы асылған 400 литр көже мен қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.

Ұқсас ақпараттар

САНАҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ: 20529 НЫСАН, 68671 АДАМ

admin_mugalzhar

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар жаңа бастама ұсынды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar