«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛНҰР ЖҮЗУ СПОРТЫНАН АУДАНДАҒЫ АЛҒАШ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Облыс орталығы Ақтөбе қаласында жүзу спортынан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысқа қатысқан кішкентай мұғалжарлық спортшы Балнұр Мырзамұрат чемпион атанды.

Ол 2015-2016 жылы туған қыздар арасында бәсекеге түсіп, үздік өнер көрсетіп, Мұғалжар БЖСМ-нің тарихында бассейн ашылғалы суда жүзуден облыстық чимпионаттың алғашқы чемпионы болды.
2023 жылдан бері су спортын серік еткен Балнұр Мырзамұратты Есенжол Ахмет жаттықтырады. Ол өз оқушысы Балнұрдың бұған дейін ауданаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүргенін айтты.
Жеңімпазды мектеп директоры Нұрсұлтан Иманғазин құттықтап, алдағы уақытта өтетін бәсекелі жарыстарда жеңіс тұғырынан түспеуіне тілектестігін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ

admin_mugalzhar

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

admin_mugalzhar

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРЕДІ

admin_mugalzhar