«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЛ ДОБЫ ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14-21 сәуір күндері Ташкент қаласында қол добынан орта Азия чемпионаты өтті.
Осы чемпионатта Ақтөбе қаласының «Елек» қол добы клубы өнер көрсетті. Команда сапында Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Алмаз Кожамуратов, Әсет Қали, Ержан Кенжебаев және қандыағаштық Дархан Тоқтарбаев, Шоқан Сүйіндіков ойнап, «Елек» командасымен жүлделі ІІ орынды иеленді.


Жүлдегер атанған спорт мектебінің жаттықтырушыларын бүгін Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жұманбетов бастаған ұжым қызметкерлері және спорт мектебінің тәрбиеленушілері теміржол вокзалынан сән салтанатымен күтіп алды.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша ҚХП депутаттық фракциясының отырысы

admin_mugalzhar

204 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ҚҰМЖАРҒАНДА ҮЙЛЕРІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

admin_mugalzhar