«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТКЕН САҒАШИЛІ АУЫЛЫНАН АНГАР ТИПТІ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛЫП, СПОРТ СҮЙЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ.

Спорттық нысанның салтанатты ашылу рәсімінде аудан басшысы Дархан Ермағанбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина және ауыл ақсақалдары мен спартакиадаға қатысушы спортшылар болды. Жалпы көлемі 1117 шаршы метрді құрайтын спорт алаңының құрылысын «BASPANA BUILD» ЖШС-і жүргізді.

Аталған кешеннің спортзалында 20-ға жуық адам бір мезгілде жаттыға алады. Сонымен бірге әйел адамдар мен ер адамдарға арналған бөлек жуыну, киініп-шешіну бөлмелері, дәрігер кабинеті, өзге де қосалқы бөлмелері бар.

Жаңа нысанның қолданысқа берілуі жергілікті инфрақұрылымның дамуы үшін маңызды қадам. Ауыл тұрғындарының спортпен айналысуы мен белсенді өмір салты үшін жаңа мүмкіндік. Мемлекет саясатында шалғай жерлерде спорт пен дене шынықтыруды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қалалы жерлерден бөлек, шалғай аймақтарда да спорттық нысандарды салып, тегін спорт секцияларына қатысуына мүмкіндік қарастырып жатырмыз, — деді аудан әкімі Дархан Ермағанбетов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылданды

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

«ЕСІМДЕ ӘЛІ СОЛ БІР КЕЗ» ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.