«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды

🟦Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатта Қазақстанда техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив шығару және оған сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

🟦Көлік технологиясы бойынша әлемдегі көшбасшы компания еліміздің теміржол саласын жаңғырту ісінде негізгі серіктестеріміздің бірі саналады.

🟦2009 жылдан бері Астанада Wabtec Kazakhstan локомотив құрастыру зауыты табысты жұмыс істеп келеді. Осы аралықта компания өндіріске 230 миллион доллардан астам инвестиция құйды. Кәсіпорын бүгінге дейін «Қазақстан темір жолына» және экспортқа арналған 600-ден астам локомотив құрастырды. Өндірістің локализация деңгейі 45 пайызға жетті.

🟦Былтыр шілде айында Wabtec компаниясы елімізде инновацияларды енгізіп, кадр даярлауға үлес қосатын технологиялық және инженерлік орталығын ашты.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

Балаларға арналған барлық мемлекеттік мекеме тексеріледі

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бірнеше спорт кешені ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.