«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЖАСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Альжанов Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл тұрғындары ауылға тартылған газ құбырларының әлі күнге дейін іске қосылмағандығы туралы өтініштерін жеткізген болатын. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдаған «QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Альжанов «QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалының қолданыстағы инвестициялық бағдарламасы аясында Қожасай ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілгендігін, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғандығын жеткізді.

Қазіргі таңда магистральдық және тарату жүйесін одан әрі іске қосуды көздейтін автоматтандырылған газ тарату станциясының іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, ауылға газды іске қосу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланғанын айтып өтті.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 100 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН

admin_mugalzhar

TALANTTAR ӘЛЕМІ — 2023

admin_mugalzhar

Комада жатқан науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін

admin_mugalzhar