«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІК ОҚУШЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 10-15 жас аралығындағы балалар арасында «Бала қиял – болашақ қанаты» республикалық шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Жас буынның қиялын ұштау, ел болашағына үлес қосар креативті, өнерлі, ойы озық өрендерді тәрбиелеуді мақсат еткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 10-15 жас аралығындағы оқырмандардан 4 номинация бойынша шығармалар қабылданды. Атап айтқанда, «Үздік ертегі» номинациясына – 57, «Үздік поэзия» – 33, «Үздік проза» – 22, «Үздік фантастика» – 30 жұмыс ұсынылып, жалпы саны 200-ге жуық шығарма келіп түсті.
Оқушылар шығармашылығын қолдауға бағытталған республикалық додада Ембі қалалық балалар кітапханасының тұрақты оқырманы Нәзира Сәбит дараланып, жүлделі III орынға ие болып, Apple Watch сағатын сыйға алды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Коронавирус тағы 57 адамның өмірін жалмады

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar