«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда еліміздің бірнеше өңірінде деректерді өңдеу орталықтарына арналған аймақтарды іске қосуды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы осы мақсатта еліміздің IT-инфрақұрылымы сенімді және үздіксіз жұмыс істеуге қажетті қуатты деректер орталықтарын салу үшін алдын ала арнайы аймақтарды анықтау қажет екенін айтты.

«Белгіленген алаңдарда электрмен жабдықтау, салқындату және қауіпсіздік жүйелері бар деректерді өңдеу орталықтарын салу қажет. Үкімет Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп Екібастұз бассейнінің энергетикалық базасында деректерді өңдеу орталығына арналған аймақ салуды жоспарлап отыр. Жақсы ұсыныс. Оның қаншалықты сәтті жүзеге асырылатынын бақылаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент атом электр станциясы құрылысының аяқталғанын күтпей жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу мәселесін қарастыруды атап өтті.

«Аталған деректер орталықтары металлургиялық комбинаттармен бірдей қуат тұтынады. Сондықтан елдің өзін-өзі энергетикалық қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурыздан бастап күшіне енеді

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның мемлекеттік дамуының жаңа бағытын айқындайды

admin_mugalzhar

Президент бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.