«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі цифрлық трансформация кезеңі туралы сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Цифрлық трансформация кезеңінде, ең алдымен, жеке адамның мүддесіне нұқсан келуі мүмкін. Сондықтан дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану – мұның бәрі біздің елде де, шетелде де қалыпты жағдайға айналды.

«Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күресу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды.

Президент Үкіметке тиісті мекемелермен бірге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде мұқият саралап, қарауды тапсырды.

«Бұдан бөлек, жақында Ұлттық құрылтайда атап өткенімдей, цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітіліп, айқындалуы керек», деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР ҰМЫТПАЙДЫ АЙМҰРАТЫН…

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

admin_mugalzhar

Күзде ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамын ұсынды

admin_mugalzhar