«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҒАРЫ ҚОЯТЫН ЖҰЛДЫЗ

Өткен жылдың жазында Батпақкөл ауылдық округінің орталығы Жағабұлақ ауылына іссапармен бардық. Сапар барысында ауылдағы білім ордасына бас сұғып, жағдайын білгенбіз. Алдымыздан жүзі жылымектеп директоры Жұлдыз ТАЛҒАТҚЫЗЫ қарсы алып, мектеп тынысымен таныстырған болатын. Ендеше, мерекелік нөміріміздің кейіпкері – жұмысы жүйелі Жұлдыз.

Жаңажол орта мектебінде 2024 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқаратын Жұлдыз Құрантаева өзі басқаратын ұжымын берекелі бірлікте ұстап келеді. Ол білім беру ұйымының мақсатын, құрылымын, функцияларын тиімді ұйымдастыру мен барлық ресурстарды үйлесімді қолдану арқылы оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасап отырған жан. Алғаш еңбек жолын мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы осы аталған білім ордасында бастаған ол осы мектептің білікті мұғалімдерінен мол тәжірибементаным-тағылымалғанынайтып, алдағы уақытта білім беру жүйесін жақсартуға, мектептің дамуына сүбелі үлес қосуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ мектеп басшысы ретінде әділдік қағидасын берік ұстанатынын айтты.

-Басшы ретінде әділ болуға тырысамын. Барлық қызметкерге тең талап қойып, бағалауда объективті боламын. Әділ басшыға ұжым да үлкен сенім артады. Ал сенім үлкен жетістіктерге жол ашады. Мұғалімге еркіндік беру, бастамасын қолдау – менің басты қағидаларымның бірі. Әрине, жұмыс барысында түрлі кедергілер болады. Шешілмейтін түйін жоқ дегендей, бірлігі жарасқан ұжымдастарым барда, кез келген кедергіден өтетінімізге сенемін, – деді ол.

Жұлдыз Талғатқызы өз қарамағында жұмыс жасайтын мұғалімдердің еңбегін қай уақытта да бағалау қажет деп ойлайды. Ол өз бастамасымен түрлі сайыстарға, білім байқауларына қатысып, жүлделі болған ұстаздарды ынталандыру мақсатында қаржылай сертификаттар сыйлап, жиындарда алғыс жариялап, жетістіктерін оқушылар мен ата-аналар алдында көрсетіп отырады. Сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтап, сол балалармен жеке жұмыс жасап, тереңдетілген жұмыс жоспарын құрып, бірлестікте жұмыс атқарып келеді.

-Әйел адам көбіне адамдардың көңіл-күйін тез сезеді, жанжалдың алдын алуға бейім. Ұжымдағы психологиялық ахуалды сақтай алады. Тыңдай біледі, ал тыңдай білу – мықты басқару құралы. Қазіргі таңда елімізде білім саласында әйел басшылардың үлесі жоғары. Менің ойымша, бастысы – жыныс емес, кәсібилік пен әділдік. Әйел затының бір уақытта бірнеше мәселені қатар шешу қабілеті өте жоғары. Отбасы мен қызметті қатар алып жүру үшін басшылық қызметке келмей тұрып-ақ күнімді жоспармен бастап, сол ізбен осы кезге дейін жүріп келемін. Жоспармен жүрсең, барлық жұмысқа үлгеруге болатынын өз әріптестеріме де әркез айтып отырамын, – деді директор әйел Жұлдыз Құрантаева.

Ұқсас ақпараттар

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – Үкімет басшысы

admin_mugalzhar

РУХАНИ КЕШ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚҰТЫРУ: 60 АДАМ ЖАН-ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.