«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БИЗНЕС

Қандыағаш қаласындағы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде оқу орнының ұжымымен кездесу өтті. Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов қатысып, жасанды интеллекттің қазіргі қоғам мен бизнестегі рөлі туралы әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларының қазіргі таңда түрлі салаларда, соның ішінде кәсіпкерлік пен білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып келе жатқаны айтылды. Сондай-ақ цифрлық құралдардың жұмыс тиімділігін арттырудағы рөлі, құжат айналымын жеңілдету, ақпаратты өңдеу және талдау мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.

Кездесу барысында Көмекбай Бектұрғанов колледж ұжымы арасында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтарға өз тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті дамытуға қатысты бірқатар кеңестер берді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары, кәсіпкерлерге арналған жобалар мен бағдарламалар жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынып, олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді. Қатысушылар кәсіп ашу, оны дамыту және мемлекеттік қолдау тетіктеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы барлық қызметтің қарлы боран мен су тасқыны маусымына дайындығы талқыланды

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ МАММОГРАФИЯЛЫҚ РЕНТГЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar