«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 300 орындық арнайы балабақшаға балаларды қабылдау басталады

Бүгін, 16 қарашадан бастап Ақтөбе қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа мемлекеттік балабақшаға кезекке қойылып, қабылданады.

300 орынға шақталған мектепке дейінгі ұйым Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында осы жылдың қараша айында ашылады. Жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау және инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл міндет Президенттің бұған дейінгі тапсырмаларында да көтеріліп, биылғы Жолдауында тағы да атап өтілді.

Жаңа балабақша тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті, сөйлеу тілі мен зияткерлік дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған.

Мұнда әр баланың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы педагогикалық қолдау көрсетіліп, түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Балалардың жан-жақты дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделуі және қажетті дағдыларды қалыптастыруына жағдай жасалады.

Балаларды кезекке қою және қабылдау «DaraBala» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау барысында баланың жас ерекшелігі, жеке қажеттіліктері және балабақшадағы бос орындар ескеріледі.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Асхат Шахаров Ахмет Жұбановтың ұрпақтарына құрмет көрсетті

admin_mugalzhar

ТҰРМЫСЫ ТӘУІР – ТАЛДЫСАЙ

admin_mugalzhar