«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркістандық жас кәсіпкер құрттың 10 түрін жасайды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғын түрлі түсті құрт жасауды кәсіп еткен. Бала кезінен әжесі мен анасынан әртүрлі сүт тағамдарын жасауды үйренген Назерке Әскер заман талабына сай кәсібін бастап, бүгінде жұмыссыз жүрген жастарға үлгі болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол аудандық кәсіпкерлік палатасына жас кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы курсты оқып шыққан. Арнайы сертификат алған соң, бизнес жоспар құрған. Оны арнайы комиссияда қорғап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млн қайтарымсыз несиеге қол жеткізген.

Кәсібін өткен жылы ашқан Назерке құрт өңдейтін және дөңгелек пішінде жасайтын аппараттар мен салқындатқыш құрылғы сатып алған.

Қазіргі таңда ешқандай химиялық коспасыз таза табиғи түрлі түсті құрттың 10 түрін жасауда. Ащы, тұзды, кептірілген жемістерден, қан көбейтуге арналған яғни қызылшадан, мейізден, қан қысымы жоғары адамдарға жалбыздан, асқазанға пайдалы райхан гүлінен, сәбіз сығындысынан, кептірілген өріктен араластырып дайындалған түрлі түсті құрттарды арнайы тапсырыспен дайындап, сатылымға шығарып отыр.
«Бастапқы бизнес бастаған кезімде түрлі түсті құрттарды дайындап шығарғанда қорқынышта болғанын жасырмаймын. Адамдарға таңсықтау бұл құрттарды ауыл тұрғындары сатып алады ма деген ой болды. Бірақ бұл құрттардың дәмін татқан ауыл тұрғындары тапсырыс бере бастағанда, қорқынышым басылды. Қайта осы кәсіпке деген құштарлығым арта түсті»,- дейді жас кәсіпкер.

Бүгінде Назерке осы кәсіпкерлігін кеңейтіп, сүтті сиырлардың санын көбейтуді мақсат етіп отыр. Сөйтіп шикізатты өзінен шығарып, түрлі түсті құртқа деген сұранысты жоғарылатқысы келеді.

Сондай-ақ, дайын өнімдерін өзі тұратын Жамбыл ауылындағы дүкендер мен көрші ауылдарға, алыс-жақын қалаларға сатуды көздейді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық банктердің табысы бір айда 1,1 трлн теңгеге өсті

admin_mugalzhar

ГАЗИФИКАЦИЯ: РАБОТЫ В СЕЛЕ ИДУТ ПОЛНЫМ ХОДОМ

admin_mugalzhar

Білім, мәдениет және спорт салаларын дамыту — жіті бақылауда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.