«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін екі айға тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқарту бойынша міндеттемелер алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлері қатысқан вебинары барысында ОПЕК+ құрамына кіретін және кірмейтін елдермен тәулігіне 9,7 миллион баррель мұнай өндіру туралы келісім жасалды. Бұл әлемдік мұнай индустриясы тарихында өндірістің ең үлкен ұжымдық қысқаруының бірі. Қазақстан өз кезегінде келісімдегі консенсусқа қолдау көрсетіп, тәулігіне мұнай өндірісн 390 мың баррельге дейін қысқарту міндетін өз мойнына алды», — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, шешім әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты қабылданған.

ОПЕК+ мәмілесінің арқасында өндірісті қысқарту ұжымдық деңгейде бақыланады, бұл нарыққа оң серпін беріп, мұнай бағасының өсуіне әсер етеді, сондай-ақ тауар шығару проблемасын шешеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның азық-түлік қоры қанша айға жетеді

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасы коронавирусқа қарамастан өткізілетін болды

admin_mugalzhar

ТЖ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.