«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Швейцария Қазақстанды карантин тізімнен шығарды

Швейцарияның Федералды Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды карантинді сақтау қажет елдер тізімінен алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Наша газета»басылымына сілтеме жасай отырып.

Жаңа «карантиндік» елдердің тізіміне он ел кірді. Тізімнен сегіз мемлекет, соның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан алынып тасталды. Жаңа тізім 7 қыркүйектен бастап шығады.

Өткен тәулікте Швейцарияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 444 науқас тіркелді және бір науқас көз жұмды. 

Карантиндік елдер тізіміне Ливан, Гвиана, Ливия, БАӘ, Парагвай, Сан-Марино, Тринидад және Тобаго, Украина, Француз Полинезиясы және Хорватия кіреді.

Тізімнен Бельгия, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Мексика, Оман, Сальвадор және Свазиленд шығарылды.

Айта кетейік, ДДҰ COVID-19 пандемиясы екі жыл ішінде аяқталатынын болжады.

Ұқсас ақпараттар

93 млрд теңге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталды

admin_mugalzhar

Биыл коммуналдық қызметтер бағасы қалай өзгерді

admin_mugalzhar

«SPORT LIFE» — СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМҮШІН

admin_mugalzhar