«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

Биылғы оқу жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аудандағы барлық мектептерде қашықтан оқыту форматында басталды. Тек ауылдық жерлердегі мектептер дәстүрлі оқуды жалғастыруда. Ал бастауыш сыныптардың оқушылары барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау арқылы жасақталған кезекші сыныптарға барып, әдеттегідей білім алуда. Бұл туралы газетіміздің алдыңғы нөмірлерінде жазылды. Сонымен, бүгінде балалар үй жағдайында қалай оқуда? Ата-аналар не дейді? Интернет желісі жеткілікті ме? Мұғалімнің өз айтары қандай? Кезекші сынып санитарлық талапқа сай сақтықпен оқып жатыр ма? Сананы сан-саққа жүгірткен бұл сұрақтар бүгінгі мақаламызға арқау болмақ…

Ауданға қарасты 37 мектеп биылғы оқу жылын 12 507 оқушымен бастады. Аудандағы шағын жинақталған 22 мектептің 1764 оқушысы дәстүрлі, ал интернет желісімен жақсы қамтамасыз етілген 15 мектептің 10 743 оқушысы қашықтан оқыту форматында оқиды. Аудан бойынша 15 қашықтан оқитынмектептерде1-4 кластарарасында198 кезекші топбар. Жалпыоқушыларды орта біліммен қамту 100 пайызды құрайды. Барлық 37 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуы қамтамасыз етілген. — Дәстүрліоқитын мектептерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуы қамтамасыз етіліп, оқушылардың бір-бірімен кездеспеуі, үзілістерінің сәйкес келмеуі ескеріліп, сабақ кестелері жасалды. Қашықтан оқитын 15 мектеп оқыту форматының Bilimland білім беру платформасын таңдады. Қосымша білімберу мекемелері Дарын-Онлайн білім беру платформасымен оқытатын болды, — деді білім бөлімінің жалпыға бірдей білім беру секторының меңгерушісі Жайнагүл Уайсова. Сонымен қатар, биылғы оқу жылынаоқулықтарсатыпалуғааудандық бюджеттен қаражат бөлініп, «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Бөбек», «Келешек-2030», «КөкжиекГоризонд», «НИШ», «Алматыкітап», «Қазақ энциклопедиясы», «Едустр», «Оксфорд», «Астанакітап», «Сатр», «Санкари» баспаларымен келісімшарттар жасалып, кітаптар сатылып алынды. Бүгінде барлық оқушыоқулықпен толықтай қамтылған.

ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытта басталады. Үзіліс те әртүрлі уақыттаболады. Кабинеттік жүйе жойылады, яғни оқушылартек бір кабинетте оқиды. Бұл оқужылы басында жасақталған кезекші сыныптар үшін қойылған басты талап болатын. Осы талаптардың орындалуына «Мұғалжар» газетінің журналистері кеше Қандыағаш қаласындағы №3 ЖББМ гимназиясына барып, куә болды. Оқушылар қарантиндік шектеулерге сәйкес мектептің екі жағынан кіріп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, мектеп медбикесінің тексерісінен өтті, дене қызуын өлшетті. Сонымен қатар үзіліс кезінде сыныптарға ылғалды тазарту жұмыстарының жүргізілетінін айтқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айман Мұхамбедиярова бұл шаралардың барлығы балалардың қауіпсіздігі мақсатында жасалып жатқанын тағы бір мәрте тілге тиек етті. — №3 мектеп-гимназиясында жалпысаны1671оқушыбар. Оның ішінде 315 оқушы кезекші топтарда оқиды. Ал қалған оқушылар онлайн режимінде оқуларын үйден жалғастыруда. Биыл 1-сыныпқа келген бүлдіршіндердің барлығы кезекші топқа келіп жүр. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін сабақ кестесі олардың кездеспеуіне ыңғайластырылып жасалды. Оқушылар үзіліс кезінде бірбірімен кездеспейді. Әр кластың сабағы әртүрлі уақытта басталады. Үзіліс кезінде сыныптарға дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіледі, — деді ол. Індеттің таралуына байланысты білім министрлігінің бекіткен нұсқаулығымен жұмыс жасап жатқанын баяндаған бастауыш класының мұғалімі Күлайым Балапанова бүгінде кішкентай бүлдіршіндер коронавирустың не екенін, карантин шектеулерін сақтамаған жағдайда аурудың таралуы мүмкін екенін жақсы түсінетінін айтты. — Біз бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Бір партаға бір оқушыдан отырғызып, әлеуметтік арақашықтықты үзіліс кезінде де қатаң сақтаймыз. Балалар қолдарын үнемі антисептикпен тазартып, бетперделерін алмастырып отырады. 37 жыл еңбек өтілімде білім саласындағы түрлі үдерісті көріп, оқу бағдарламаларының талай өзгергенінің куәсі болған едім. Алайда, дәл осындай сақтық аясындағы жұмыспен алғаш кездесуім. Бұл жағдай оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де оңай соғып жатқан жоқ. Оқушылардың көз алдымызда партада отырып білім алғанына, мұғалімдердің тақтада тұрып сабақ бергеніне не жетсін! Дегенмен, ертеңге үмітпен қарайық, алдағы күндерде барлығының орнына келетініне сенемін, — дейді Күлайым Жанғалиқызы.

ОҚУШЫЛАРҒА 401 КОМПЬЮТЕР БЕРІЛДІ

Аудан бойынша қашықтан оқитын оқушыларға мүмкіндігінше мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуда. Білім бөлімі мамандарының берген мәліметіне қарағанда, оқу жылының басында атааналар арасында сауалнама жүргізіп, оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталған. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына мектеп балансындағы 401 компьютер уақытша пайдалануға берілген. — Алдағы уақыттарда облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 950 ноутбук алынады деп күтіп отырмыз. Үйінде интернеті жоқ 1245 отбасы балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазірге дейін 98 отбасына «Қазақтелеком» арқылы интернет қондырылды. 1147 отбасы балалары роутерлермен қамтамасыз етілді, — деді бөлім меңгерушісі Жайнагүл Уайсова. Жалпы қашықтан оқытуда бір тоқсандық тәжірибесі бар мұғалімдерде, ата-аналардаонлайноқуға біршама төселіп қалғанға ұқсайды. — Қашықтан оқыту кезінде «bilimland.kz»-онлайн интернет платформасын қолайлы деп айта аламыз. Аталмыш платформаны қолдану енді ғана қарқын алып келеді және әлі жетілдірілу үстінде. Бұл тұрғыда мұғалімдерге де, ата-аналарға да жауапты міндет жүктеліп отыр. Себебі, қашықтан оқыту жүйесінде психологиялық қарым-қатынас, әр түрлі эмоция көріністері бой көтереді. Оның бәрі жаңаны қабылдаудан, компьютердің және интернет платформа жүйелерін жетік білмеуден туындайды. Сол себепті де бәріміз бір мүддеде үлкен сабырмен және түсінушілікпен тоғысуымыз қажет деп ойлаймын. Ата-аналар да осылай жұмыс істеуге үйреніп қалды. Балаларына көмектеседі, сол арқылы мектеппен тығыз қарымқатынас орнатуға мүмкіндік бар. Біз орындалған тапсырманы тексереміз, оны «Күнделік.кз» электронды журналында бағалаймыз, жаңа тапсырмалар береміз. Осы арқылы ата-аналар ұстаз жұмысын тереңірек түсініп, алғыстарын білдіріп те жатыр, — дейді онлайн сабақ беретін мұғалжарлық мұғалім Бақытгүл Жанекешова. Бір үйде үш немесе одан да көп мектеп оқушысы бар отбасыларға барынша жағдай жасалып жатқанын баяндады аудандық білім бөлімінің мамандары. Балаларының толыққанды білім алуына жағдай жасаған мектеп ұжымына алғысын жаудырған көп балалы ана Гүлмира Сарсенғазиева онлайн оқу кезінде мұғалімге деген құрметінің артқанын айтады. — Бүгінде мектеп жасындағы екі балам қашықтан оқып жатыр. Алғашында қиындықтар болды, бірақ ақырындап үйреніп келеміз. Сабақ оқуға ешқандай кедергі жоқ. Көпбалалы отбасы ретінде бізге уақытша пайдалануға компьютер берді. Сабақтарын өзім қадағалаймын. Әлеуметтік чаттар арқылы тапсырма алып, оны орындап, кері байланыс жасап отырамыз. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан осындай көмектердіңбарынақуанамыз. Ол үшін үлкен алғысымды білдіремін. Балаларымыздың қауіпсіздігі мен саулығы үшін барлығына сабырмен қарағанымыз жөн. Дегенмен, үйде оқыған мен мектепте білім алғанның айырмашылығы жер мен көктей. Бәрібір дәстүрлі оқуда білімді толыққанды алуға мүмкіндіктің мол екені анық, — деді ол.

1291 БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ КЕЗЕКШІ ТОПҚА БАРАДЫ

Аудан аумағында білім бөліміне қарасты мектепке дейінге 52 ұйым бар. Оның 28-і бөбекжай-балабақша, 24-і шағын орталықтар. Бөбекжайларда 105 кезекші топ ұйымдастырылып, жалпы саны 1291 тәрбиеленуші балабақшаға қабылданған. Білім бөлімінің берген мәліметіне сәйкес, мектепалды даярлық тобында 15 мектеп қашық тан оқитын көрінеді. Ауылдық жерлерде орналасқан 22 мектепте мектепалды даярлық топтары дәстүрлі түрде оқуларын жалғастыруда. Қандыағаш қаласындағы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлмайра Медеуова балабақшада 11 кезекші топтың ұйымдастырылғанын жеткізді. Балабақшаның барлық қызметкерлері күнделіктімедициналық тексерістен өтіп, жіті респираторлық инфекциялар, яғни жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі байқалған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Балалар топта болмаған кезде топтарды зарарсыздандыру қамтамасыз етілген. Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқалары, баспалдақ таяныштары өңделіп отырады. Балалар ұйықтайтын топ бөлмелерінде керуеттердің арақашықтығыкемінде1метрқашықтықта орналастырылған. — Әр кезекші топта 15 тәрбиеленуші бар. Балабақшаның медицина қызметкері мен тәрбиешілері күнде ертеңгілік балаларды топқа денсаулық жағдайын тексеріп, дене қызуын өлшеп барып кіргізеді. Ауру белгілері анықталған балалар балабақшаға жіберілмейді, ата-аналарымен үйіне қайтарылады. Кезекші топтардағы сабақтар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізілуде. Ұйқы, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі режимі сақталуда, — деді балабақша меңгерушісі. Сонымен қатар мектепалды даярлық және ересек топтардың педагогтары әлеуметтік желі арқылы қашықтан білімберудіжалғастыруда. Балалардың жас топтары ескеріле отырып, онлайн түрде бейнесабақтар, мультфильмдер, аудиоертегілер ұйымдастырылған.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

АУРУХАНА АУЛАСЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда ипотекалық несиенің сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.