«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТІГІНШІ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА БӨЛІНГЕН ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ САҒАЛЫҚ АМИНА ЖЫЛҚЫБАЕВА ТУРАЛЫ ГАЗЕТІМІЗДЕ ЖАРИЯЛАНДЫ. БҮГІНДЕ ШАРУАСЫН ДӨҢГЕЛЕТІП, АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫН ӨТКІЗІП ЖҮРГЕН КӘСІПКЕР КЕЛІНШЕК ЖУЫРДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Аминаның «Адал-Қызмет» үй жағдайындағы тігін шеберхасында оқыған қыз-келіншектердің қолдан жасалған бұйымдары қойылған көрмені көруге Ақтөбе қаласынан мәслихат депутаты Сұлупан Шынтасова, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері Сания Мұратова, Жанна Омарова, «Алаш» мүгедектер қоғамы бірлестігінің төрағасы Әлібек Елеусіз бен анасы Замза Ахметқызы және бірлестіктің тағы да басқа белсенді мүшелері арнайы келді. Ауылдағы «Жақсылық» мейрамханасында ұйымдастырылған кездесу-көрмеде салт-дәстүр бойынша бесікке салу, тұсау кесу тәрізді ұлттық құндылығымызды дәріптейтін көріністер қалыс қалмады. Атап айтсақ, осы шара барысында ауыл тұрғыны, көп балалы ана Гүлжанат Кемалованың сегізінші баласы Алпысбай Айбардың тұсауын Сұлупан Панақызы кессе, Айтқали Заңғарды бесікке салу рәсімін Замза Ахметқызы орындады.

-«Түйір нан — тамшы тер» демекші, қарқынды жұмыстың арқасында, халықтың қолдауымен, ізденістер негізінде осындай дәрежеге жеттік. Туған жеріміздің алғысын алып, ежелден келе жатқан тігіншілікті аманат қылып, ұрпақ ұстар ұршықты сындырмай жеткізу біз үшін үлкен жетістік. Біз шеберханамызда құрақ көрпе, бесік жасауы тәрізді түрлі тұрмысқа қажетті заттардан шеберлік сағаттарын ұйымдастырып келеміз. Тігіншілікке қызыққан жастарымыздың да қатары аз емес. Оған қоса, жақын жердегі ауылаймақтардан да шақырту түсіп жатады. Шыны керек, кей уақытта бос орындар мен сағаттар жетпей қалады. Алдағы уақытта жоба жалғасын табады», — дейді жаңашылдыққа жаны құштар тігінші Амина.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Медғат ЕШНИЯЗОВ: ӘРБІР ЖАС ӨЗ ЕЛІНІҢ ДАМУЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ КЕРЕК

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУДЫ АРМАНДАЙТЫН ГҮЛНҰР

admin_mugalzhar

НҰРТАС ПЕН АЙДОСТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.