Біз тарихтан білетін батыр бабаларымыз беліне бес қаруын асынып, ұлтарақтай жер үшін жаумен айқасып, ел іргесін күзеткен. Ал бүгінгідей тұрақтылық пен келісім орнаған бейбіт заманда қолымызға қару алып, ұрандатудың мүлде қажеті жоқ. «Артыңа қарағанда, ұялмайтындай өмір сүр» депті бір данышпан. Сол себепті Отанымызға адал қызмет етіп, ұрпаққа үлгі көрсетіп, өнеге боларлықтай рухты тәрбие бере білсек болғаны, — дейді жерлесіміз майор Бағлан ҚАЛДЫҒОЖИН.
Бүгінде Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері басқарма бастығының орынбасары, штаб бастығы қызметін атқаратын кейіпкеріміз отанды қорғау қызметіне жүрек қалауымен келгенін, әскери қызметтіңмәртебеліміндетекенін айтады.
— Ер балалардың барлығы кішкене кезінде әскери адам болуды армандайды емес пе?! Мен де өзге балалар секілді осы мамандық иесі болуды армандайтынмын. Әскери қызмет қатаң тәртіп пен темірдей төзімділікті, адалдық пен ұлтжандылықты талап етеді. Бұл қызметте берілген бұйрықты орындау қатаң қадағаланады, ерекшелігі де осында, — дейді ол. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген Бағлан Мәлікұлы 1998 жылы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери авиациялық училищесіне оқуға түсіп, инженер-техник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Алғашқы еңбек жолын №65229 әскери бөлімінен бастайды. Содан кейін туған жерінде, Мұғалжар ауданы ҚІЖБ бастығының орынбасары, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. Бүгінде ол облыс орталығындағы қызметін мінсіз атқара жүріп, мектептер мен оқу орындарының әкімшілігімен бірлесе отырып, жастармен патриоттық тақырыпта түрлі кездесулер мен диспуттар, кештер ұйымдастырады. Жанарында оты бар, егемен еліміздің ертеңі — болашақ сарбаздармен кездесіп, әскери тақырыпта түрлі сабақтар өткізеді. — Ел басшылығының ұдайы қамқорлығының арқасында біздің Қарулы Күштеріміз, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар мемлекеттің сенімді қалқаны, жаһандықжәнеөңірлік қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Жылдан жылға қазақстандық армия қазіргі заманғы қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етіліп, жоғары білімді мамандармен толықтырылып, олардың жауынгерлік қабілеттілігі артып келеді. Ал Қазақстанның әскери қызметкерлері «Ұлы дала әскері — тәуелсіздік тірегі» атты ұранмен қызмет атқарады. Олар Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға әскери объектілерді күзетугежәнеқорғауға, сондай-ақҚазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға міндетті. Біздің әскер мемлекеттің шекарасын күзетуге, халықтың тұтастығы мен тыныштығын сақтауға жұмылдырылып, Отанын қорғайды, — деді Бағлан Қалдығожин.
Ол қорғаныс саласы қызметінде жауапкершілігі мен білімділігін, табандылығы мен әскери шеберлігін көрсеткені үшін ІІ-ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. Отанғадегенсүйіспеншілікотбасынан басталатынын айтқан Бағлан Қалдығожин бүгінде әскери қызметте белгілі бір дәрежеге жетсе, оны анасының арқасы деп біледі. «Әкемнен ерте көз жазып қалдым. Анам қырық жылдан астам ағартушылық саласында елеулі еңбек етті. Анамәкемніңжоғын білдірмеді. Ол біз үшін аянбай еңбек етіп, тәрбиелі де, білімді болып ер жетуіміз үшін қолынан келгенінің барлығын жасады. Анама мың алғыс!» деген ыстық ықыласын жеткізді.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ