Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

0
436

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың көп бөлігінде фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте нөсер болады деп болжанған. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

“8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған”, – делінген хабарлмада.