ҚОЛЖЕТІМДІ ТЕЛЕАРНАЛАР САНЫ 11-ГЕ ЖЕТТІ

0
163

“ҚАЗТЕЛЕРАДИО” АҚ-НЫҢ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ 18 ҚАЗАННАН БАСТАП ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ ЖЕЛІСІН ІСКЕ ҚОСТЫ. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҚАЛАДА АНАЛОГТЫҚ РЕЖИМДЕ 3-4 ТЕЛЕАРНА КӨРСЕТІЛСЕ, ЕНДІ ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕВИЗИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ТЕЛЕАРНАЛАР САНЫ 11-ГЕ ДЕЙІН АРТТЫ.

“Сандық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан цифрлық эфирлік телевизия – отандық телеарналарды сурет пен дыбыста ештеңе жоғалтпай, қаз қалпында цифрлық сапада көруге мүмкіндік береді. Бұл жерде “Qazaqstan”, “Balapan”, “Qazsport HD”, “ЕлАрна”, “ABAI TV” “24-хабар” “Хабар”, “Евразия”, “Мир”, “Aqtobe”, “Kazah.tv” секілді отандық арналар көрсетіледі. Қала тұрғындары арналардың бүкіл топтамасын абоненттік төлемсіз тегін қарай алады.

– Қала тұрғындары жоғарыда аталған телеарналарды смарт теледидар арқылы немесе қарапайым теледидар арқылы да қарай алады. Бүгінгі заманауи смарт теледидарларда цифрлық эфирлік телевизияны қабылдайтын арнайы қондырғылар орнатылған. Олар сол арқылы оңай қабылдайды. Ал арнайы қондырғылары жоқ бұрынғы теледидарлар арнайы қабылдағыш аппараттары арқылы көрсетеді. Не болмаса үй антеннасымен де көруге болады. Бүгінгі таңда біздер осы цифрлық эфирлік телевизиямен қоса, бұрынғы аналогтық режимдегі 3-4 телеарнаны таратып отырмыз, – деді “Қазтелерадио” АҚ-ның Қандыағаш қалалық филиалының технигі Гүлмира Баймұханова.

Н.АБАТ