«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

34 990 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

БҮГІНГІ ТАҢДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША 35 МЫҢ ТҰРҒЫН ЕКПЕ АЛУЫ КЕРЕК.

Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша 18720 адамға індетке қарсы екпе салу жоспарланған. Бүгінде оның 18473-і 1-ші кезеңін, 17250-і 2-ші кезеңін алған. «Шапағат» ауруханасы бойынша коронавирусқа екпе салдырғандардың саны — 3990.

Ал Ембі аудандық аурухана бойынша 11150 доза есептелінген. Бекітілген жоспар асыра орындалып, 12475 адам екпенің толық екі кезеңін де салдырған.

— Біздің аурухана қызметкерлері жоспарды 112 пайызға орындады. Спутник V екпесін 9425 адам, Hayat-Vax екпесін 1100 адам, QazCovid-in екпесін — 220, КоронаВак екпесін — 430, Синофарм екпесін 1300 адам алды, — деді Ембі ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев.

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТ — ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

admin_mugalzhar

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ШАҢЫРАҒЫМ ШАЙҚАЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.