«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елбасының қағидаттар жиынтығы — ертеңге бағыт

Ілияш НИЯЗОВА, Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің атқарушы директоры, аудандық мәслихат депутаты:

-Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы, өркениетті қалыптасып дамуына ерен еңбек еткен Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасының қолға алған сындарлы саясатының негізінде бүгінгі елдің еңсесі тіктеліп, ертеңгі өмірге деген сенім бекіді. Тәуелсіздік жылдары мақсатты бағыт, экономикалық өсім елді алға жетелеп, кемелденген Елорда бой көтерді. Мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған түрлі жобалар, әлеуметтік жаңалықтар сапалы жүзеге асырылды. Енді міне, Елбасымыз «Елдіктің жеті тұғыры» атты жүйелі жеті бағдарлы бағытты бекітті. Бұл тұжырымдама алдағы істерімізді жоспарлауға өз септігін тигізері ақиқат. Елбасының айтуынша, «Ұлттық мәдениет-халықтың рухани тірегі» бағытын дамыту ісін білім мен мәдениет ошақтары ғана емес, әрбір қазақ отбасы қолға алуы қажет.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті әрбір жанұядағы қазына көзі қарттарымыздан бастау алады. Жүйелі сөз, ұшқыр ой, ұтымды пікір, талғамдық шешім өнегелі отбасының перзентінен танылсын десек, өскелең ұрпағымызды адал еңбекке баулу, адами қасиеттерді қалыптастыру баршамызға ортақ міндет. Осы міндеттерді орындауда «Елдіктің жеті тұғыры» киелі негізіміз болмақ!

Ұқсас ақпараттар

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ДА СӘНІ КЕТТІ

admin_mugalzhar

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты

admin_mugalzhar

Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.