«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта жол апаты болды

Кеше Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаштың бас көшесінің бірі «Интернациональный» көшесінде жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 15 адам ауруханаға түсті.

Жол ережесін өрескел бұзған «Шаран» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, жолаушылар мінген қалаішілік маршрут көлігіне соқтығысқан. Оқиға жергілікті уақыт сағат 19.00 шамасында болды. Қатты жол апатынан 15 адам аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың ішінде балалар да бар. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта 8 адам жарақаттарының жеңілдігіне байланысты қол хат жазып, үйлеріне жіберілді. Оның арасында 4-і бала. Ал 7 адам әр түрлі дене жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Көбі бас, ми жарақаттарын алған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жол ережесін бұзып, жол апатына себепкер болған 39 жастағы қала тұрғынының ішімдік пайдаланғаны анықталып отыр. Алайда, дәрежесі белгісіз. Қазір осы жол апатына қатысты аталған жүргізушінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша іс қозғалмақ.

Әнуар ЕСҚАРА

 

Ұқсас ақпараттар

386 ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН АРТТЫРДЫ

admin_mugalzhar

2021 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгереді?

admin_mugalzhar

Жол сапалы салынуы керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.