«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бас дәрігердің орнына бас дәрігер келді

Бүгін Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейіржан Кенжебаев тағайындалды. Ал ауданның бас дәрігері Қыдырбек Әбішев қызмет бабымен облыс орталығына ауысты.

Ауыс-түйіске байланысты ауданға іссапармен келген Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев аудандық орталық ауруханасының ұжымына тағайындалған жаңа бас дәрігерді таныстырды.

-Қыдырбек Смағұлұлы тұрғындарға медициналық көмектің қолжетілімділігінің сапасын арттыру бағытында осы ауданда 5 жылға жуық қызмет жасады. Енді өзінің өтінішімен Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне бас дәрігер ретінде тағайындалатын болады. Сол бойынша шешім қабылдадық. Ал аудандық орталық аурухананың бас дәрігері болып осы ауруханада еңбек жолын бастаған, осыған дейін Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған Мейіржан Талғарұлы тағайындалады. Бұл таңдауды Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Жеткергенұлымен ақылдаса отырып жасадық. Ендеше осы ұжыммен бірлесе отырып аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруда талмай жұмыс істеуіне тілектеспін, — деді басқарма басшысы.

Өз кезегінде аудан әкімі Ербол Данағұлов та бас дәрігерлердің еңбектерін сөз етіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

АҚКЕМЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Президент қазақстандық әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.