«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркімен билігі шетелдегі еңбек мигранттарының елге қайтуын талап етіп жатыр

Түркіменстанның Лебап облысында полиция Түркияда заңсыз жүрген азаматтарды анықтауға әрекет жасап, оларды елге қайтару үшін туғандарына қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісі хабарлады.

Полиция Түркияда заңсыз жүрген азаматтар туралы мәліметті Миграция бойынша мемлекеттік қызметтен алған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мигранттардың туыстарына бұдан былай Түркияға бару ережесі күшейетінін ескертіп жатыр.

Түркімен билігінің Түркияда жүрген мигранттарды қайтару бойынша кезекті әрекеті түрік ақпарат құралдарында қылмысқа тартылған түркіменстандықтар туралы ақпараттың көп шыға бастағанымен тура келді.

Түркіменстанда экономикалық дағдарысқа байланысты соңғы жылдары елден кетіп жатқан азаматтар саны бірнеше есеге артқан.

«Азаттық»

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕКТЕП — ҮЗДІК МЕКТЕП АТАНДЫ

admin_mugalzhar

«АҚТӨБЕ – ҚАНДЫАҒАШ» ТАС Өңір ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.