Ақтөбеде алаяқ әйел кәсіпкерлердің 56 млн теңгесін иемденіп кеткен

0
49

Ақтөбелік полицейлер 6 кәсіпкерден ірі көлемде ақша жымқырған 33 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, алдау арқылы ірі сомадаға ақшаларын иемденген. Біріне тендерден ұтуға әуде етсе, тағы біріне жұмысқа орналастыратынын айтқан.

Ол 2019 жылдың желтоқсанында 8 млн теңгені қалтасына басқан. Сол айда тағы екі кәсіпкерді алдап, 8 және 7,8 млн теңге көлемінде ақша жымқырған.

«Ал 2020 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкерінен 32,2 миллион теңге алды. Ол тендер байқауын жеңіп беруге уәде еткен. Барлық дерек бойынша тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

inform.kz