9588 оқушы қашықтықтан оқиды

0
179

Аудан бойынша жаңа оқу жылында 12400 оқушы дәстүрлі және қашықтан оқиды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Нұрсұлтанова хабарлады. “Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты 37 білім беру ұйымдары бар. 2020-2021 оқу жылын эпидемиялогиялық ахуалға байланысты 21 мектепті дәстүрлі, 16 мектепті қашықтан оқыту жоспарлануда. Осы 16 қашықтан оқытылатын мектептердің 1-ші сыныптарындағы 1354 оқушы мектепке барып, дәстүрлі әдіспен оқитын болады. Ал қалған 5808 отбасының 9588 оқушысы қашықтан оқытылады”, – деді Ғани Батиханқызы. Биыл ауданда 1514 баланың 1 сыныпқа қабылданатыны жоспарланған. Қазіргі таңда 1407 оқушының құжаттары қабылданған. Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартқан болатын.