«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы «Қазтелерадионың» баспасөз қызметі хабарлайды. «2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген «Қазтелерадио» хабарламасында. Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Дереккөз 24.kz.

Ұқсас ақпараттар

ОБЕСПЕЧАТ СЕЛЬЧАН ВОДОЙ

admin_mugalzhar

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТТЕРІ БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

Тәуелсіздік белестері

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.