«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРАЙМЕРИЗ: 26 ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ

«Nur Otan» партиясы- ның праймеризі 17 тамызда басталып, 3 қазанға дейін жалғасады. Праймериз өткізу жоспа- рына сай қазіргі таңда партиялық кадрлық резервке үміткерлерді тіркеу жұмыстары жалғасуда. Тіркеудің соңғы күні — 28 тамыз.

Бүгінгі күнге ауданда 29 адам кадрлық резервке өтуге өтініш беріп, 26 адам үміткер есебінде тіркелді. Үміткерлер әр сала өкілдері, атап айтсақ: кәсіпкерлер, теміржол қызметкерлері, білім, денсаулық саласы және мұнайшылар. Тіркеу аяқталған соң, кандидаттар өздерінің бағдарламаларын дайындап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қадам басады. Айта кету керек, үгіт-насихат жұмыстарына дайындық 28 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар тіркелген кандидаттардың барлығымен қосымша онлайн вебинар өткізу жоспарла нып, осы вебинарда Праймериздің қыр-сыры толық түсіндірілетін болады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ».

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеліктер аз қамтылған 15 отбасына азық-түлік жеткізді

admin_mugalzhar

Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдікті несие беріледі

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.